Үш баласын өлтірген ер адамның ісі аппелияциялық сотта қаралды
Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады
Ақтөбеде үш баласын өлтірген ер адамға қатысты аппелияциялық іс облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралды, деп хабарлайды Lada.kz.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған адам мен оның адвокаты айыптау үкімінің күшін жоюды және 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот алқасының шешімі үкімді өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіз болған жоқ. Сот алқасының осы қаулысына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды, - дейді ведомстводағылар.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға биыл наурызда 27 шағын аудандағы №46 үйде болған. Күдікті ұсталды. Кейінірек жаңа мәліметтер анықталды. Маусымда айыпталушыға өмір бойы жазасын өтеу туралы үкім шықты.