Halyq Uni логотип
×

Министрлік Ресейге тасымалданып жатқан әскери техникаға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған

 Динара Амантай 30.07.2023 | 13:29
Министрлік Ресейге тасымалданып жатқан әскери техникаға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Halyq Uni

Қорғаныс министрлігі Ресейге әскери техниканы тасымалдау туралы әлеуметтік желілерге шыққан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Аталған әскери техниканың Қазақстан Республикасына қатысы жоқ.  Бұл халықаралық уағдаластықтар шеңберінде Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеу жүргізу үшін жіберіліп жатқан үшінші елдің меншігі болып табылады, – делінген хабарламада.

Сонымен бірге ведомство өкілдері 2022 жылдың 27 тамызынан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынғанын еске салды. Осыған байланысты азаматтардан негізсіз материалдарға мән бермей, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама