Halyq Uni логотип
×

Талғарда 3 жасар бала дәретхананың шұңқырына құлап кеткен

Оның артынан әкесі арқанның көмегімен қызын түсірген

 Динара Амантай 30.07.2023 | 12:12
Талғарда 3 жасар бала дәретхананың шұңқырына құлап кеткен
Фото: Алматы обл. ТЖД баспасөз қызметі

Талғарда 3 жасар бала дәретхананың шұңқырына құлап кеткен, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 18:45-те ТЖД-ның кезекші бөліміне Талғар ауданының Амангелді ауылындағы Әл Фараби көшесінде кішкентай баланың дәретханаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқарушылар дереу өрт сөндіру бөлімінен 8 шақырым қашықтықтағы оқиға орнына барды.

Оқиға орнына келгеннен кейін 2020 жылы туған бала қазылған шұңқырға (дәретханаға) құлап, әкесі оны құтқару үшін арқанның көмегімен 2013 жылы туған қызын түсіргені, бірақ өз бетінше екі баланы көтеріп шығара алмағаны анықталды, – делінген хабарламада.

Алматы облысы ТЖД-ның 3 қызметкері мен техникасының күшімен сағат 18:54-те балалар қазылған шұңқырдан көтеріп шығарылды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы оларға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама