×

Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттары Мәскеуге шабуыл жасады – Ресей қорғаныс министрлігі

Бір ұшқышсыз ұшақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілді

 Динара Амантай 30.07.2023 | 11:07
Фото: ria.ru

Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттары Мәскеуге шабуыл жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Киев билігі бүгін таңертең Мәскеуде үш ұшқышсыз ұшақтың көмегімен лаңкестік әрекетті ұйымдастыруға әрекеттенген. Бір ұшқышсыз ұшақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесімен атып түсірілді, ал қалған екеуі электронды соғыс жүйесі арқылы жойылған.

30 шілде күні таңертең Киев режимінің Мәскеу қаласындағы нысандарға ұшқышсыз ұшатын аппараттармен лаңкестік жасау әрекетінің жолы кесілді, - делінген ресми хабарламада.

Мәскеу облысының Одинцово ауданында әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері бір ұшқышсыз ұшақты атып түсірді. Тағы екі ұшқышсыз ұшақ радиоэлектронды соғыс жүйесінің көмегімен  істен шығарылып, «Мәскеу сити» кешенінің аумағына құлаған.

Бұған дейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин украиндық ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы салдарынан кешеннің екі кеңсе мұнарасының қасбеттері аздап зақымданғанын, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеген. Мәскеу Сити ауданындағы Тестовская көшесінің бойындағы көлік қозғалысы тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама