Еліміздің 8 өңірінде 42 градусқа дейін ыстық болады
Күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-42°с қатты ыстық болады деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 30 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады. ҚР батысында шаңды дауылдар күтілуде. Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-42°с қатты ыстық болады деп күтілуде.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 42°С өте қатты ыстық сақталады.
Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Жетісу облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтілуде. Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Атырау облысының шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Ақмола облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.