Жарты жылда «7-20-25» бағдарламасымен 70 мыңға жуық адам пәтер алған
Ең көп өтінім Астана қаласынан түскен
Биыл жыл басынан бері «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 932,3 млрд теңгеге 69 143 қарыз берілген. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Аталған бағдарламамен баспана алу үшін ең көп өтінім Астана қаласынан түскен. Олардың саны – 24 840. Елорда тұрғындарына 389,4 млрд теңгенің қарызы мақұлданған.
Екінші орында Алматы қаласы тұр. Онда 13 778 өтінім қабылданып, 212,4 млрд теңге қарыз берілген.
Үшінші мегаполис Шымкентте – 64,3 млрд теңгеге 5 234 өтінім қабылданған.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша толық ақпаратты «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-ның ресми интернет ресурсынан алуға болады.