Halyq Uni логотип
×

Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құрт тірілді

Ол 40 метр тереңдікте болған

 Еркеғали Болатұлы 29.07.2023 | 12:17
Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құрт тірілді
фото: nastroy.net

Ғалымдар Сібірдің мәңгі тоңында 46 мың жыл жатқан құртқа жан бітірді.

Олардың айтуынша, бұрын белгісіз болып келген дөңгелек құрт Сібірдің мәңгі тоңында 40 метр тереңдікте криптобиоз деп аталатын күйде жатқандықтан, аман қалған.

Криптобиотикалық күйдегі организмдер сусыз да, оттегісіз де аман қалады әрі өте ыстыққа да, өте суыққа да, тұзды ортаға да төтеп бере алады. Олар «өмір мен өлім арасындағы» күйде болады.

Өмірді тоқтатып, содан кейін оны басынан бастауға болады. Бұл – маңызды жаңалық, – дейді ғалымдар.

Дрезден мен Кельн ғалымдарының генетикалық талдауы бұл құрттар зерттеушілер Panagrolaimus kolymaenis деп атаған жаңа түрге жататынын көрсетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама