Апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындарына да 3 мыңға дейін пәтер салынады
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында биыл елордада 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салынатынын жазды.
Биыл 6 мыңға жуық әлеуметтік пәтер салуды, құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешенін аяқтауды, бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Алдағы 3 жылда апатты жағдайдағы ескі үйлердің тұрғындары үшін 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін пәтер салынады, - дейді ол.
Сонымен қатар әкім азаматтарды қабылдау барысында білім беру, медицина, жұмысқа орналастыру, елді мекендер мен қаланы абаттандыру, автобус санын көбейту және т.б. мәселелер көтерілетінін атап өтті.