Оларға соңғы үлгідегі гаджет Instagram желісіне арналған роликтер түсіру үшін қажет болған
Елді дүрліктірген оқиға Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында болған. Ерлі-зайыптылар iPhone 14 сатып алу үшін баласын сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Гош отбасындағы оғаш өзгерісті көршілері байқаған. Олардың сегіз айлық сәбиі жоғалып кетеді, алайда ата-анасында ешқандай алаңдаушылық болмайды. Сонымен қатар, олардың миллионнан кем тұрмайтын қымбат телефон сатып алуы көршілердің күдігін туғызады.
Қысымға ұшыраған әйел күйеуі екеуі iPhone сатып алу үшін баласын сатқанын мойындайды. Бұл оларға Бенгалияны аралап, сапарларынан роликтер түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуге мүмкіндік берген.
Бұдан да сорақысы, баланың әкесі сегіз айлық сәбиін сатпас бұрын, жеті жасар қызын саудаламақ болған.
Жергілікті полиция Сати есімді әйелді ұстады, бірақ оның күйеуі Джайдев Гош қашып үлгерген. Ол әлі іздестіріліп жатыр. Полиция ерлі-зайыптылардың үстінен қылмыстық іс қозғады, баланы сатып алған әйел де адам саудасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Өкінішке қарай, Үндістанда материалдық пайда үшін балаларын сатуға барған жұптар бұған дейін де болды. Айта кетсек, 2016 жылы қытайлық ерлі-зайыптылар iPhone сатып алу үшін 18 күндік қызын 3 530 долларға сатып жіберген.