Ол 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «31» медиахолдингінің Бас директоры қызметін атқарды
Жұмағали Құрманбек Жұмағалиұлы 1985 жылы 27 тамызда туған.
2008 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.
Ол 2004-2007 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ-да бағдарламалардың редактор – жүргізушісі, 2007-2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, «Хабар» агенттігі» АҚ қорытынды жаңалықтар жүргізушісі, 2013-2014 жылдар аралығында Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті.
2014-2015 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры, «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі, 2015 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ Аймақтық дамыту дирекциясының директоры болды.
2017 жылы «Алматы» телеарнасы Бас директорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2017-2018 жылдары Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болды.
2018-2019 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС директоры болып қызмет етті.
2019 жылдың 10 маусымынан бастап «Қазақстан «РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2019-2021 жылдар аралығында «Астана» телеарнасының бас директоры болды.
2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «31» медиахолдингінің Бас директоры қызметін атқарды.