Актер «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, өнер көрсеткен болатын. Бұл бейнежазба сол жерде түсірілуі мүмкін
Қытайдың әлемге танымал актері әрі каскадер Джеки Чан ҚХР-дың Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында қазақтың домбырасына қосылып «Нағыз қаһармандар» атты әнін айтты.
Бұл ән Қытайдың танымал әндерінің бірі. ҚазАқпараттың хабарлауынша, Джеки Чан жақында Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпарлар мекені» деп атайтын Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне барып, өнер көрсеткен болатын. Бұл видео сол жерде түсірілуі мүмкін.
Бұл әнді түрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен әлі ешкім естімеген. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін, – деді Джеки Чан желіде тараған видеода.
16 шілдеде Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпарлар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған фестивальде Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқаған.
Сол жерде актер домбыраға қосылып ән айтуы мүмкін.