Бақылау-өткізу пункттеріндегі ақпараттық жүйесі істен шыққан
Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде жүйе істен шығып, салдарынан жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті, деп хабарлады 24.kg.
Алдын ала мәлімет бойынша, 27 шілдеде сағат 22:50-ден бастап «Ақ-тілек-автожол», «Чон-капка-автожол», «Чалдыбар-автожол», «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу пункттерінде мемлекеттік салық қызметінің «жиынтық пост» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі істен шыққан.
Қырғыз Республикасының МҰҚК, мемлекеттік салық қызметі ЕАЭО-ға мүше елдерден республика аумағына әкелінетін тауарларды есепке алу үшін «жиынтық пост» ААЖ пайдаланады.
Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің сыртқы көші-қонын есепке алудың бірыңғай жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Жүргізушілермен және жүк тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.