Жұмада елімізде 43 градусқа дейін ыстық болады

Халық үні

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 42-43°С өте қатты ыстық күтіледі

Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК 28 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақаталады, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың оңтүстігінде, батысында жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте, солтүстік-батыста тұман болады.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, , Қостанай облысының оңтүстігінде  35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында 42-43°С өте қатты ыстық күтіледі.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.