Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды» деген күдікке ілінген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы және Интерполдың көмегімен халықаралық іздеуде жүрген «Оператор РОП» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтарованы Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадициялады..
Ол «Оператор РОП» ЖШС бас директоры С. Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды» деген күдікке ілінген.
27 шілде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана қаласы әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.