Танымал вайнер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды
Көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай айдаған белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған қатысты әлеуметтік желіде видео жариялағаннан кейін тексеру жүргізілді.
Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тексеріс жүргізу тапсырылғанын хабарлады.
1987 жылы туған Т. деген азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы екінші бөлігінде (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау) қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Вайнерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.