Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысында үш әкімге 300 АЕК-тен айыппұл салынды

Бір аудандағы 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының тек  біреуінде ғана рұқсат құжаты бар

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2023 | 15:15
Жетісу облысында үш әкімге 300 АЕК-тен айыппұл салынды
фото: Halyq Uni

Жетісу облысының прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасы саласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жұмыс істеуі бойынша талдау жүргізді, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, облыстың кейбір аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының құқық белгілейтін құжаттарсыз жұмыс істейтіні анықталды.

Мысалы, Алакөл ауданындағы 23 ауылдық округте (56 елді мекен) 33 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Алайда оның ішінде тек Достық округіндегі «Шыңдәлі» полигонында ғана құқық белгілейтін құжат бар.

Осыған ұқсас фактілер Сарқан (9 факт), Көксу (7 факт) және Ескелді (1 факт) аудандарында анықталды.

Жоғарыда аталған барлық заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Қазір актілерді қарау нәтижелері бойынша 3 ауыл әкіміне 300 АЕК-тен астам сомаға айыппұл тағайындалды және бір аудан әкімінің орынбасары тәртіптік жауапқа тартылды, - делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар заңсыз жұмыс істейтін қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама