Halyq Uni логотип
×

Молдовадан Ресей елшілігінің 45 қызметкері қуылады

Қызмет орнында 70 адамнан 25-і қалайын деп тұр

 Дастан Жұмабекұлы 27.07.2023 | 14:57
Молдовадан Ресей елшілігінің 45 қызметкері қуылады
Фото: ашық дереккөз

Молдова Республикасы елден Ресей елшілігінің 45 қызметкерін қуып жатыр. МР Сыртқы істер және Еуропамен интеграция министрлігінің ресми өкілі Игорь Захаровтың айтуынша, Ресей елшілігінің дипломаттары мен қызметкерлері тыңшылық жасаған.

Алдағы уақытта Ресей елшілігінің қызметкерлері қысқарады. Қазір дипломатиялық мекемеде 70 адам жұмыс істейтін болса, содан 25 адам ғана қалады. Мәскеудегі Молдованың елшілігінде де осынша адам жұмыс істейді. Сонда бізде елшілік қызметкерлерінің саны тең болады, – деді ол.

МР Сыртқы істер және Еуропамен интеграуия ведомствосының мәліметіне қарағанда, РФ елшілігі ғимаратының шатырына сигналдың кез келген түрін қабылдай алатын оншақты антенна орнатылған. Бұл туралы ведомство басшысы Николай Попеску де ескертті. Ол Үкімет отырысында Ресей өз елшілерін пайдаланып, жылдар бойы Молдованы дұшпандық саясатының нысанына айналдырғанын айтты.

Осыған байланысты Молдова билігі ел ішіне іріткі салып, арандатушылықпен айналысып келе жатқан ресейлік дипломаттардың санын шектеуге шешім қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама