Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтпейді

 Халық үні 27.07.2023 | 14:19
Қазақстанда АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау өтеді
Фото: atomic-energy.ru

Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша қоғамдық тыңдау 22 тамызға белгіленді. Тыңдау Алматы облысының Үлкен ауылындағы (Жамбыл ауданы) мектеп ғимаратында өтеді.

Бұған дейін қоғамдық тыңдау 28 ақпанға жоспарланған еді, бірақ кейін шегерілді.

Еске салайық, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтпейді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағамбетов айтты.

Референдум болмайды. Бұл мәселе референдумға шығарылмайды. Біріншіден, алаңның орналасқан жеріне қатысты сұрақ бар. Екіншіден, ең бастысы – технология және қаржылық-экономикалық модель. Ол қалай әсер етеді, біз мұны қалай жүзеге асырамыз? Бұл жөнінде мәселе бар, - деді вице-министр.

Әзірге АЭС салынатын жер мен оның құрылысын бастау мәселесі әлі шешілген жоқ. Жоспарға сәйкес, АЭС құрылыс-монтаж жұмыстары 2034 жылы аяқталып, 2035 жылы станция пайдалануға берілуге тиіс.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама