7 миллион теңгеге кроссовер: Chery Tiggo 2 бірінші партиясы бір жарым сағатта сатылып кетті
Жаңа партиясы тамыз айының алғашқы күндерінде күтілуде
Жаңа рестайлинг-модельмен шығып жатқан Chery Tiggo 2 кроссоверлері қазақстандықтар үшін қолжетімді бола бастады. Жаңа модельдегі автокөлік құны 7 млн теңгеден басталады.
25 шілдеде Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторы Chery Tiggo 2 кроссоверлерінің сатылымға шыққанын хабарлады. Компания өкілдері жаңа модельдегі кроссовердің артықшылықтары туралы айтты: нарықта сатылымға шыққан жаңа автокөлік заманауи дизайнынан бөлек, өте үнемді, жүргізуші мен жолаушы үшін қолайлы әрі қауіпсіз.
Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа модельдегі Chery Tiggo 2 кроссовері қала ішінде де, республикалық жолдарда да жүруге өте ыңғайлы.
Одан бөлек, кроссовер әр аймақтың климатына тез бейімделеді, алдыңғы орындарда жылыту жүйесі бар. Сонымен қатар, көлік орталықтандырылған құлыптау, артын бақылайтын камера, тұрақ сенсорлары және т.б. құрылғылармен жабдықталған.
Сондай-ақ жаңа кроссоверден 4 динамикалық аудиожүйені, Apple CarPlay және Qdlink-ке қосылған мультимедиа жүйесін байқауға болады.
Алғашқы 300 көлікті 7 млн теңгеге сатып алуға болады. Бұдан әрі бұл акция Trade in бағдарламасы бойынша көлік сатып алу үшін таратылатын болады. Бір түсті көліктің құны - 7,49 млн теңге, екі түсті көлік - 7,69 млн теңге.
Chery Kazakhstan ресми дистрибьюторының директоры Нұрлан Шамгоновтың айтуынша, жаңа модельдегі кроссовер қазақстандықтардың көбі үшін өте тиімді таңдау болмақ.
«Chery Tiggo 2 көлігінің бірінші партиясы Mycar Аlmaty орталықтағы Chery дилеріне шамамен 30 көлік келді. Сатылым ашылған алғашқы күннің өзінде көліктер бір жарым сағатта сатылып кетті. Chery Tiggo2 көлігі орталықтарға келіп жатыр, алдын ала тапсырыс еліміздің барлық аймақтарында ашық. Біз сұраныстың артқанын көріп отырмыз және тұтынушыларымызды қанағаттандыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз», - деді Нұрлан Шамгонов.
«Астана Моторс» ҚМК бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры Ақылбек Анарбаевтың айтуынша, басқа көліктермен бірге жаңа модельдегі кроссовер Chery Tiggo 2 болашақта Astana Motors Manufacturing Kazakhstan жаңа мультибрендті зауытында құрастырылады. Бұл зауыттың аумағы 300 мың шаршы метрді құрайды және жылына 90 мың көлік құрастыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күнде зауыт құрылысы жүргізілуде және 2025 жылы пайдалануға беріледі.
«Зауыт құрылысы қазір екі ауысыммен қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс 2022 жылдың қарашасында басталған. Зауытқа технологиялық жабдықтарды әлемге әйгілі өндіруші Automotive Engineering компаниясы жеткізеді. Зауыт тек дәнекерлеу және сырлау, CKD әдісі арқылы көліктерді шығаратын болады», - деді Ақылбек Анарбаев.
CHERY ресми дистрибьюторы – First Motor Group компаниясы Қазақстан нарығында 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Компанияның дилерлік орталықтарында Chery Tiggo автокөлігінің барлық түрі бар.