×

Бес адам көз жұмды: Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Қазір тергеу іс-шаралары жүргізілуде

 Халық үні 26.07.2023 | 23:54
фото: Halyq Uni

«Алматы-Астана» автожолында көлік апатынан бес адам мерт болды, - деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі. 

26 шілде күні сағат 11:00-де «Тойота-Каролла» маркалы автокөліктің 29 жастағы жүргізушісі «Алматы-Астана» автожолының 225 километрінде келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота-Камри» маркалы автокөлікпен соқтығысқанын хабарлаймыз. Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қаза тапты,- делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, дерек ҚР ҚК 345-бабы бойынша Жамбыл ауданы ПБ-да тіркелді. Қажетті сараптамалық тексерулерді тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама