Министр 1 шілдеден бастап жалақы көтерілетінін айтқан болатын
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлері президентке арыз жазды. Оларға осы айдың басында жалақыны 100 пайыз көтеруге уәде берілген, деп хабарлайды «Еуразия Бірінші» арнасы.
Арна мәліметінше, орман қорғаушыларға осы айдың басынан бастап жалақыны 100 пайызға көтеру уәде етілген. Алайда жүргізушілер, радиобайланыс операторлары және басқа да қызметкерлер айтылған уәдеден тыс қалған.
«Еуразия Бірінші» арнасының мәліметінше, бұл мәселеге қатысты экология министрлігі әлі ешқандай мәлімет бермеген.
Айта кетейік, экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова 1 шілдеден бастап «Семей орманы» табиғи резерваты қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін айтқан болатын.