Рыбакина жүлде қоры 5 млн доллардан асатын турнирлерге қатысады

Дастан Жұмабекұлы

Жарыстар АҚШ пен Канадада болады

Фото: ашық дереккөз

Әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін Canadian Open және АҚШ-тың Цинциннати штатында болатын Cincinnati Masters турнирлеріне қатысатын теннисшілердің қатарына кірді.  

Монреальдағы WTA турнирі 7-13 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры –  2 788 468 доллар. Жеңімпаз 454 500 долларға және рейтингілік 900 ұпайға ие болады. Цинциннатидегі турнир 14-20 тамыз аралығында өтеді. Оның жүлде қоры – 2 527 250 доллар. Турнир жеңімпазы 412 000 доллар алады. Сосын оған рейтингілік 900 ұпайға кепілдік беріледі.

Монреаль мен Цинциннатидегі турнирлерден кейін 28 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында теннистен биылғы жылдың төртінші және соңғы «Үлкен дулыға» турнирі өтеді. Бұл жарыс АҚШ-тың ашық чемпионаты (US Open) деген атпен де белгілі.