×

Астана халықаралық әуежайындағы автотұрақтың құны өзгереді

Тамыз айында жаңа баға болады

 Дастан Жұмабекұлы 26.07.2023 | 17:09
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы тамыздан бастап автотұрақ тарифіне өзгерістің енгізілетінін хабарлады.

Әуежайдың хабаралуынша, тамыз айының басынан P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ бағасы 100 теңгеден 200 теңгеге көтеріледі.

Ал P4, P5, P6 аймағындағы көлік тұрағының бағасы сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге өзгереді.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған отырғызу-түсіру экспресс жолағын теріс пайдалану фактілерінің көбеюіне және жолаушылардан келген шағымның көбеюіне байланысты 15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда жаңа тариф бойынша 300 теңге төлейсіз. Автотұрақ тарифі коммуналдық тарифтердің өсуіне байланысты өзгереді. Дегенмен әуежайдағы автотұрақ бағасы тасымалдаумен айналысатын өзге нысандардағы бағадан едәуір арзан, – делінген хабарламада.

Алайда әуежайдағы жабық тұрақтың бағасы еш өзгеріссіз қалады. Жабық тұрақ ішкі рейстер орындалатын T2 терминалының оң жағында орналасқан. 274 орынға шақталған жабық тұрақтың құны 12 сағатқа – 1400 теңге. Тәулігіне – 1800 теңге. 12-24 сағат аралығында – 2000 теңге.

Астана әуежайының әкімшілігі ақылы тұрақтарға балама ретінде жабық тұрақтың тура жанында орналасқан тегін тұрақты ұсынады. Сонымен қатар тегін тұрақ көбіне жартылай бос болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама