Өзбекстанда халық саны 36 миллионнан асты

Дастан Жұмабекұлы

Әйелдерге қарағанда ер адам саны көбейген

Фото: ашық дереккөз

1 шілдедегі жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының халқы 36 млн 372,3 мың адам болды.

Өзбекстан Статистика агенттігінің хабарлауынша, халық саны былтырғы жылдың қаңтар мен шілде айларының аралығындағы кезеңімен салыстырғанда 2,2 пайызға өскен.

Әйелдер саны – 18 млн 66 мың, ер адам саны 18 млн 306 300 адам болды.

Қалалық жерлерде – 18 млн 557 500 адам тұрса, ауылдық жерлерде – 17 млн 815,8 мың адам қоныстанған.