×

Саламат Омаш «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры болды

«Қазақстан» ТРК-да бірқатар кадрлық өзгеріс жасалды

 Халық үні 26.07.2023 | 14:19
Саламат Омаш, журналист

Журналист, тележүргізуші Саламат Омаш «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін «Qazaqstan» арнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары болған.

Бұған дейін «Qazaqstan» арнасын басқарған Болат Мүрсәлім «Қазақстан» телерадиокорпорациясының бас редакторы қызметіне ауысты.

Саламат Омаш 1988 жылғы 10 Наурызда Жамбыл облысы, Меркі ауданында дүниеге келген. 2010 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы филология факультетін тәмамдады.

Еңбек жолын «31 арнадан» бастаған. Бүгінге дейін «Астана», «Ел арна», «Qazaqstan» телеарналарында жұмыс істеді.

Сондай-ақ Еркін Мұхамеджанов «Abai tv» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ашылған уақытынан бері «Abai tv» телеарнасын басқарып келген журналист, медиаменеджер Азамат Кеңесұлы корпорациядағы қызметін бүгіннен бастап басқарма төрайымының орынбасары ретінде жалғастырады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы соңғы жылдары кадрлық ауыс-түйістерді тұрақты түрде ротациялық тәсілмен жүргізіп келеді. Біздің басты ұстанымымыз – жаңа буын жетекшілерді іштен өсіріп, тәрбиелеу, білікті жастардың тек журналист ретінде ғана емес, медиаменеджерлер ретінде де қалыптасуына жағдай жасау, - деді басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама