Halyq Uni логотип
×

«Астана LRT» пойыздарының қайда құрастырылатыны да белгілі болды

Ең жоғары сыйымдылығы – 600 адам

 Еркеғали Болатұлы 26.07.2023 | 15:23
«Астана LRT» пойыздарының қайда құрастырылатыны да белгілі болды
фото: sputnik.kz

«Астана LRT» жобасына арналған пойыздарды вагон құрастыратын қытайлық «CRRC Tangshan Co.Ltd» компаниясы жасайды.

Астана қаласы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, LRT пойыздарын жасайтын аталған компания Қытайда жетекші кәсіпорындардың бірі саналады.

Жылжымалы құрамның қуаты – сағатына 115 киловатт, ең жоғары сыйымдылығы – 600 адам. Оны автоматты басқару үшін «GoA 4» технологиясы қолданылады. Бұл басқару жүйесі электр қуатымен жұмыс істейді, - делінген ҚазАқпарат тілшінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.

Техникалық құжаттамаға сәйкес, жобада E-60 рельстері пайдаланылады. Әкімдік мәліметінше, бұл еуропалық стандарттарға сай келеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама