Ауғанстанда сұлулық салондарын жаппай жабуға 1 ай уақыт берілді

Еркеғали Болатұлы

Соның салдарынан енді 60 мың адам жұмысынан айырылады

фото: u-f.ru

Талибан қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстандағы барлық сұлулық салондары жабылатынын жариялады.

Euronews дерегі бойынша, сұлулық салондарының иелеріне мекемелерін жабу үшін 1 ай уақыт берілген.

Сарапшылар сұлулық салондарының жабылуына байланысты 60 мың адамның жұмысынан айырылатынын айтып отыр.