Қазақстанда түрік дрондары сынақтан өткізіліп жатыр
Оны пайдалану 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады
Қазақстанда әскерилер Anka түрік дрондарын сынақтан өткізіп жатыр.
Осы сынақ сәтті өткен жағдайда Anka ұшқышсыз кешені әскер қатарына қабылданады.
Тесттік ұшулар – қабылдау кезеңдерінің бірі. Кешенді тәжірибелік әскери пайдалану 2023 жылдың тамыз айында жоспарланып, 2024 жылдың наурыз айының ортасына дейін жалғасады, – деді ҰҰА жауынгерлік дайындық және жауынгерлік қолдану оқу орталығының басшысы Шохан Мұсабеков.