×

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап көз жұмды

Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған

 Халық үні 25.07.2023 | 20:50
ашық дереккөзден

Оралда 2 жасар қыз үйінің ауласындағы дәретханаға құлап мерт болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 21 шілде күні сағат 20:00 шамасында Деркөл ауылында болды. Абылайхан көшесінде орналасқан үйдің ауласындағы көше дәретханасынан Ә. есімді кәмелетке толмаған 2021 жылғы қыздың мәйіті табылды.

Ол үйінің ауласында ойнап жүріп, дәретхананың шұңқырына құлаған. Қыздың дәретханаға құлап кеткенін көрген балалар дереу ата-анасына хабарлаған. 

Оқиға орнына жедел-жәрдем келгенімен, қыз бала көз жұмды. Оқиға болардан бұрын қыз бала қараусыз қалған.

Аталған факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама