Halyq Uni логотип
×

Бүгін Түркияда тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді

Магнитудасы 5,5 баллға дейін жетті

 Еркеғали Болатұлы 25.07.2023 | 16:29
Бүгін Түркияда тағы бірнеше жер сілкінісі тіркелді
фото: ашық дереккөз

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы бүгін Түркияда бірнеше жер сілкінісі болғанын хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша 08:44-те Түркияның оңтүстігіндегі Адана провинциясының Козан ауданында магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі тіркелген. Ошақ 12 шақырым тереңдікте жатқан.

Екі сағаттан кейін Козан ауданында сейсмологтар тағы да магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Қайнар көзі 5 шақырым тереңдікте болған.

Дәл осы ауданда магнитудасы 4,6 болатын кезекті бір жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:57-де тіркелді. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7 баллдан асатын екі жер сілкінісі (жергілікті уақыт бойынша 04:17-де – 7,7 балл және 13:24-те – 7,6 балл) болған еді. Күшті жерасты дүмпулері көршілес елдерде, соның ішінде Сирия, Ливан, Кипр және Иракта да сезілді. Ал Түркиядағы жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам зардап шеккен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама