×

Әнші Сандуғаш Стамғазиева сахнаға қайта шықты (ВИДЕО)

Бұл жолы ол «Сен болмасаң» әнін шәкірті Бақберген Тоқтарбекұлы деген жас әншімен бірге айтты

 Дастан Жұмабекұлы 25.07.2023 | 15:50
Фото: ашық дереккөз

Әнші Сандуғаш Стамғазиева ел алдына қайта шықты. Ол осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын әнші Мейрамбек Беспаевпен бірге «Қоштасудың қиыны-ай», «Сен болмасаң» әндерін айтқан еді.

El.kz порталының хабарлауынша, бұл жолы Сандуғаш Стамғазиева ақын, композитор Исраил Сапарбайдың сөзіне жазылған «Сен болмасаң» әнін «Алматы» арнасындағы «Шешімі бар» бағдарламасында шәкірті Бақберген Тоқтарбекұлы деген жас әншімен бірге айтты.

«Қоштасудың қиыны-ай» әнін осыдан 25 жыл бұрын Мейрамбек екеуіміз алғаш орындадық. Ән жүрегімізді баурап алды. Бірақ басында әннің сөзін Исраил аға жазғанын білмедім. Кейін 2001 жылы «Сен болмасаң» әнін жазып берді, – деді Сандуғаш Стамғазиева.

Бағдарламаның өзі ақын, композитор Исраил Сапарбайға арналды.

Айта кетсек, Сандуғаш Стамғазиева ұстазы Алтынбек Қоразбаевқа тұрмысқа шыққан соң, екі қызды дүниеге әкелген. Содан кейін көп жылдан бері сахнаға шықпай кеткен болатын.

Сандуғаш Стамғазиева – әнші, дәстүрлі өнердің насихаттаушысы Рамазан Стамғазиевтің туған қарындасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама