Қырғыз-тәжік шекарасында екі ел тұрғындары тағы да қақтығысып қалды
Қырғызстан ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкеріне Тәжікстан азаматтары шабуыл жасаған
Қырғыз-тәжік шекарасы учаскелерінің бірінде шекаралас аудандардың тұрғындары арасында қақтығыс болды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
2023 жылдың 24 шілдесінде мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде шекаралас аймақтардың тұрғындары арасында жанжал болды, - делінген ведомство хабарламасында.
Оқиға орнына Қырғызстан ІІМ аумақтық бөлімшесінің қызметкері жеткен кезде оған Тәжікстан азаматтары, Ходжай-Аало ауылының тұрғындары шабуыл жасаған.
Шиеленістің өршуіне жол бермес үшін Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара өкілдері арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қырғызстанның шекара қызметі республика азаматтарын үрей мен ашуға бой алдырмауға және барлық ақпаратты мемлекеттік органдардан нақтылауға шақырды.