Астана қаласы әкімдігінің басқарма басшысы сотқа тартылды – Антикор

Дастан Жұмабекұлы

Шенеунік мемлекетке 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді

Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ басшысына қатысты тергеуді аяқтады.

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, кәсіпкерлік субъектісіне 4,7 млн теңге көлемінде залал келтірген деген күдікке ілінді.

Қазір айыпталушы сотқа тартылды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.