Каспий теңізіне кеткен үш қыз іздестіріліп жатыр
Іздестіру жұмыстарына «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен полиция департаментінің қызметкерлері бірігіп, Ақтау қаласынан 51 шақырым жерде үрлемелі матраста ашық теңізге кеткен үш қызды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бұл шараға «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылды. Іздестірудің нәтижелері қосымша хабарланады.
Әзірше қыздардың ашық теңізге қашан кеткені туралы мәлімет жоқ.