Halyq Uni логотип
×

Президент биыл Жеңіс күнін қалай атап өтеді

Ардагерлерге қандай көмек көрсетілетіні де белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 03.05.2022 | 15:40
Президент биыл Жеңіс күнін қалай атап өтеді
фото: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күні мейрамына арналған қандай іс-шараларға қатысатыны айтылды.

Биыл 9 мамыр күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Отан қорғаушылар» монументіндегі Мәңгілік алауға дәстүрлі гүл қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар президент 6 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиынға қатысады, – деді президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, биыл барлық өңірде соғыс ардагерлеріне кем дегенде бір миллион теңгеден біржолғы жәрдемақы беріліп жатыр. Тыл еңбеккерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға да материалдық қолдау көрсетіледі. 8-9 мамыр күндері облыс әкімдері деңгейінде соғыс ардагерлерімен және олардың отбасы мүшелерімен арнайы кездесулер ұйымдастырылады. Бүкіл еліміз бойынша «Ардагерлерге тағзым» қайырымдылық акциясы өтеді. Соғыс ардагерлеріне мемлекет тарапынан қажетті көмек алдағы уақытта да жүйелі түрде беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама