Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұтылды.
Даңқты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тан елге келе жатыр. Бұл туралы боксшы Сұлтан Зәуірбек хабарлады.
Елге Гена ағамызбен қайттық. «Жекпе-жегіңді DAZN-нан көрдім дегенінің өзі қуаныш болды», - деп жазды Сұлтан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Қазақстанда жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған болатын. Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Альварестен ұтылды.
«Канеломен» өткен үш кездесудің біреуінде боксшылар тең түссе, екеуінде Альварестің басымдығы байқалды.