Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында Түркия азаматы 4 жасар баланы теуіп құлатты (ВИДЕО)

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған

 Халық үні 24.07.2023 | 19:55
Алматы облысында Түркия азаматы 4 жасар баланы теуіп құлатты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Алматы облысындағы сауда орындарының бірінде 4 жасар бүлдіршінді Түркия азаматы теуіп құлатты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 шілдеде болған оқиға сауда үйінің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ер адам жүгіріп жүрген бүлдіршінді теуіп жібереді. Соққыдан бала ұшып түскен.

27 жастағы тұрғын сауда және ойын-сауық орталығында 2019 жылы туған қызына белгісіз ер адамның дене жарақатын келтіргенін айтып шағым түсірді. Бұл факт ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша аудандық полицияда тіркелді. 1998 жылғы Түркия Республикасының азаматы анықталып, полицияға жеткізілді, - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.

Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама жасалып, тергеу жүргізіледі», - деп түйіндеді Бауыржан Әленов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама