Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады

Ашылу салтанатында жалауды Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының 3-курс студенті Нұрсұлтан Қаблан алып шығады

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 17:54
Қазақстан Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан құрамасының сапында 90 студент Қытайда өтетін XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындарына қатысады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

27 шілде - 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында XXXI жазғы Дүниежүзілік студенттер ойындары өтеді. Халықаралық спорттық іс-шара - Қытайда өтетін үшінші студенттік ойындар, Азияда өтетін он бесінші Дүниежүзілік студенттік ойындар.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, студенттеріміз жүзу, жеңіл атлетика, семсерлесу, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, таеквондо, үстел теннисі, у-шу, оқ ату, садақ ату, дайвинг, су полосы, бадминтон, баскетбол, академиялық есу, үлкен теннис, волейбол секілді 11 спорт түрінен өзара сайысқа түседі.

Ел құрамасы сапында 90 студент өнер көрсетеді, сондай-ақ делегация құрамында 20 жаттықтырушы, 2 дәрігер, 1 журналист, 3 штаб өкілі бар, барлығы – 116 адам.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының дене шынықтыру мамандығының 3-курс студенті, Қазақстаның үш дүркін чемпионы, дзюдо күресінен спорт шебері, жастар арасында Азия чемпионатының қола жүлдегері (Тайланд, Банког) Қаблан Нұрсұлтан (07.07.2003) салтанатты ашылу рәсіміндегі шеруде Қазақстан құрамасының көшін бастап, еліміздің жалауын көтеріп шығады, –  делінген мәліметте.

27 шілде күні 20.00-де (Қытай уақытымен) спортшылар қалашығында мемлекеттік ту көтеру рәсімі, 28 шілде ашылу салтанаты, 8 тамыз жабылу салтанаты өтеді. 27 шілдеде Қазақстан спортшылары садақ ату жарысымен студенттік ойындарды бастайды.

Еліміздің құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама