Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды
Бұл - Александр Недовесовтың ATP 250 турниріндегі алғашқы жеңісі
Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты.
Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Александр Недовесов өз спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы атанды.
Александр Недовесов – 2014 жылы Қазақстанның азаматтығын алған Украинаның экс-теннисшісі.