Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік және көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгіме кезінде Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.
Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін қарастырды.