Halyq Uni логотип
×

Мәскеуге тағы да дрондармен шабуыл жасалды (ВИДЕО)

Оның біреуі Қорғаныс министрлігіне 500 метр жерде тұрған мекеменің ғимаратына соғылған

 Дастан Жұмабекұлы 24.07.2023 | 10:58
Мәскеуге тағы да дрондармен шабуыл жасалды (ВИДЕО)
фото: Reuters

Бүгін таңертең Мәскеу қаласының ғимараттарына дрондар соғылды. BBC агенттігінің хабарлауынша, қала тұрғындары БПЛА-ның шабуылдарын бірнеше ракурста түсіріп алған. Солардың бірі Қорғаныс министрлігінен бар болғаны 500 метр жерде тұрған мекеменің ғимаратына соғылған. Екінші БПЛА ««‎Леруа Мерлен» бизнес орталығының шатырын күйретіп жіберген.

Дрондардың шабуылынан кейбір тұрғын үйлердің терезелерінің күл-талқаны шығып, қалдықтары жолда шашырап кеткен.

Bellingcat халықаралық тобының ізкесушісі Христо Грозевтің айтуынша, БПЛА-ның біреуі Бас барлау басқармасының (ГРУ) кибернетикалық барлау штаб-пәтеріне қарама-қарсы тұрған ғимаратты нысанаға алып, жарылған.

Иә, таңертең ертемен екі дрон ғимараттарға соғылды. Бірақ екеуі де тұрғын үйлерге шабуылдаған жоқ. Әкетіп бара жатқан шығын болған жоқ, – деді Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин.

Еске сала кетсек, бұған дейін де Мәскеуге дрондармен шабуыл жасалған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама