Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген
Түркістан облысының Сайрам ауданында бірнеше адамға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Олар топ болып бір адамды соққыға жыққан.
Telegram-каналдарда аталған оқиғаның видеосы тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, соққыға жығылған ер азамат қалта ұрысы. Ұрлық үстінде ұсталған азаматты сол маңдағы адамдар жабылып жазалаған.
«Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полицейлер жіберілді. Олар бір адамға жабылған бірнеше ер адамды ұстады. Бәрі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралып жатыр», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген.