Павлодарда 9 жасар қызға туысы тиіскен: сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Халық үні

Павлодарлық әйел тоғыз жасар қызын туысының үйіне қонаққа қалдырған

ашық дереккөзден

Павлодарлық әйел туысын қызына тиіскені үшін айыптап отыр. Полиция қылмыстық тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«НеМолчиKZ» қоғамдық қоры әлеуметтік желісінде Павлодарда жас қызға туысы тиіскен деген хабарламаны жариялаған. Шілденің басында павлодарлық әйел тоғыз жасар қызын туысының үйіне қонаққа қалдырған. Оған қоса қызбен бірге үйде екі сіңлісі болған. Қыз баланың айтуынша, мас болған тәтесінің күйеуі түнде оған жақындап, жағымсыз сөздер айтып, аяғынан сипап, тиіскен. Анасы бұл жағдайды білгеннен кейін полицияға жүгінді. 

«Аталған факт 6 шілде күні тіркелген. ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – дейді облыстық полиция департаментінде.

Қазіргі уақытта бірқатар қажетті сараптамалар мен тергеу іс-шаралары тағайындалды.  Олардың нәтижелері бойынша күдікті адамға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешілетін болады.