Ертең Қазақстанның 11 өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болады

Халық үні

Алматы облысында қатты ыстық болуы мүмкін

Коллаж: telegraf.com.ua

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 24 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамын жариялады.

 Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақаталады, найзағайды жаңбыр, батыста – қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде, шығысында және орталығында көбінесе жауын-шашынсыз ауа рыйы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43°С қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және орталығында  42 °С өтте қатты ыстық күтіледі.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Атырау облысының батысында және солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.