Соңғы жылдары Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада көптеген қақтығыстар болған еді
Қырғызстан 2,5 жыл ішінде әскери техниканы жаңартуға 1 миллиард 422 миллион доллар бөлді, деп хабарлады Ферғана.
Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамчыбек Ташиевтің айтуынша, 2005-2020 жылдары Қырғызстан әскери техника сатып алуға 34-56,9 миллион доллар жұмсаған.
Сонымен қатар, 2021 жылы ел билігі қаруды жаңартуға 364 миллион доллар, 2022 жылы 603 миллион доллар және 2023 жылдың 6 айында 455 миллион доллардан аса қаржы бөлді.
2,5 жылда – шамамен 1,5 млрд доллар. Бұл – өте ауқымды жаңарту, - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.
Еске сала кетсек, соңғы жылдары Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарада көптеген қақтығыстар болған еді. Ең үлкені – өткен жылдың қыркүйек айындағысы. Ұрысқа екі жақтан артиллерия мен ауыр броньды техника тартылған болатын.