×

«Психоневрологиялық есепте тұрады»: Ақтауда түн ортасында жанұшыра көмек сұрап жылаған қызға қатысты жаңа деректер шықты

Күдікті жігіттің жақындарының айтуынша, ол қызбен танысқысы келген

 Халық үні 22.07.2023 | 22:45
Фото: видеодан алынды

Ақтауда түн ортасында көмек сұрап жылаған қызға қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Lada.kz.

Күдікті жігіттің жақындарының айтуынша, ол қызбен танысқысы келген. Жігіттің жаман ойы болмаған. Жігіттің жақындары оның психикалық ауытқуы барын және қазіргі уақытта психоневрологиялық диспансерде емделіп жатқанын айтқан. 

«Ол келіп, «Қарындас, сізбен танысуға бола ма? Телефон нөміріңізді беріңізші» дейді. Қыз қашып кеткен, бірақ ол өзі полицияға барып қызбен танысқысы келгенін айтқан. Бала күнінен ақыл-есі кем, ол психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады. Қыз түсініктеме жазып, ешқандай шағымы жоғын айтқан», - дейді күдіктінің анасы. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда қыздың көмек сұрап жанұшыра жылаған видеосы тараған болатын. Видео әлеуметтік желіде жарияланды. Кадрлардан ер адам қыздың қолынан жібермей ұстап тұрғаны, ал қыз «көмектесіңдер» деп айқайлап жылағаны көрінеді. Оқиға 11-шағынауданда Ынтымақ алаңында болған.

Маңғыстау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, қыздың телефоны ұрланған.

«20 шілдеде сағат 2:30 шамасында «102» кезекші пультіне белгісіз біреу жәбірленушіні қорқытып, оның «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткені туралы қоңырау түсті. Осылайша, күдікті 100 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген», - деп хабарлады ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама