Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған 18 жастағы қызға қатысты тың дерек шықты
Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген
Марқұм мектеп қызметкері емес, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
Ол қаладағы дүкендердің бірінде жұмыс істеген.
«Қыз асылып өлді. Оқиға орнына Көкшетау қалалық ІІД жедел-тергеу тобы шықты. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – дейді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.