Ресей Тергеу комитеті терроршының тұтқындалғанын әлі растаған жоқ
Украинада өздерін өздері жариялаған «Донецк Халық Республикасының» бұрынғы «қорғаныс министр» Игорь Стрелков-Гиркин ұсталды. Бұл туралы ресейлік РБК порталы хабарлады.
Бүгін таңертең құқық қорғау органдары Игорь Стрелковты ұстады. Оның үйін Тергеу комитетінің қызметкерлері тінтіп жатыр, – делінген хабарламада.
Стрелков-Гиркиннің ұсталғаны туралы оның зайыбы да Telegram-да жазды.
Бүгін сағат 11.30-да біздің үйге Тергеу комитінің қызметкерлері келді. Ол кезде мен үйде болмадым. Күзетшінің айтуынша, комитеттің адамдары күйеуімнің қолын қайырып, белгісіз жаққа әкеткен. Осы жағдайды достарыма айтқанымда олар жұбайыма РФ Қылмыстық кодексінің 282 бабы, яғни экстремизм бойынша айып тағылуы мүмкін екенін айтты.
Қазір жұбайымның қайда екенін білмеймін. Ол хабарласқан жоқ. Оны ұстаған кезде мен үйде болмап едім, – деді ол.
Ресей Тергеу комитеті терроршы Игорь Стрелковтың ұсталғанын әлі растаған жоқ.