Halyq Uni логотип
×

Ресейде әскерге енді 27 жастан асқандар да шақырылатын болды

Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлданды

 Еркеғали Болатұлы 21.07.2023 | 15:15
Ресейде әскерге енді 27 жастан асқандар да шақырылатын болды
фото: ptoday.ru

Ресейде 2024 жылдың көктемінен бастап әскерге 30 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Бірақ жаңа норма биыл күзгі әскерге шақыру науқанында қолданылмайды.

Заң жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу ұсынылып отыр. Яғни бұл ережелер күзгі әскерге шақыру науқанына қатысты емес. Мәселен, 2023 жылы 31 желтоқсанда 27 жасқа толғандарға 1 қаңтардан бастан жаңа заң қолданылмайды. Алғашқы әскерге шақыру – 2024 жылдың көктемі, ол жаңа ережелер бойынша өтеді, - деді Андрей Картаполов.

Заң жобасында әскерге шақыру жасын 18-ден 30 жасқа дейін көтеру көзделген. Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлданды.

Ал заңның қазіргі қолданыстағы нормасында әскерге шақыру жасы 27 жаспен шектелген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама