Фестиваль 30 шілдеде Шымкентте басталып, 16 қыркүйекте Семей қаласында аяқталады
Еліміздегі ең ірі спорт додасы – «Футбол жолы» фестивалі 8 қалада өтеді. Жанкүйерлер еліміздің ең басты футбол ойынын тамашалап, әуесқойлар арасындағы турнирге қатыса алады. Ұтыс ойынында естелік сыйлықтар ойнатылады.
Биыл Қазақстан футболы 110 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған орай Қазақстан футбол федерациясы Olimpbet халықтық букмекерлік кеңсесімен бірлесіп, ауқымды «Футбол жолы» фестивалін өткізеді.
Айтулы іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінде екі ай бойы 8 қалада кезең-кезеңімен өтеді. Фестиваль 30 шілдеде Шымкентте басталып, 16 қыркүйекте Семей қаласында аяқталады.
«Футбол жолы» маршруты:
Жанкүйерлерге Қазақстан премьер-лигасының жүлдесін қолмен ұстап, көзбен көруге мүмкіндік беріледі. ҚПЛ жеңімпазы «Астана» футбол командасының мұражайында тұрған жүлделермен естелік суретке түсуге болады.
Фестиваль өтетін жерде футболдан фристайл бойынша шеберлік сағаты мен әуесқойлар үшін турнирлер өтеді. Қатысу үшін footballfest.kz сайты арқылы өтінім бере алады.
Сонымен қатар «Футбол жолы» фестивалінде аты аңызға айналған футболшылар мен әртістерден қолтаңба алып, олармен естелік суретке түсуге болады. Ойын-сауық орындарында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Фестивальге қатысқан жанкүйерлерге дәмді тағам, ерекше мерекелік шоу ұсынылады.
Фестивальге қатысу тегін. Өз қалаңыздағы футбол фестивалінен қалыс қалмаңыз